Гавайи аралдарына Лейн дауылы қатер төндіріп тұр
Дауылдың эпицентрі Гоноглулудан 331 қашықтықта орналасқан. Эпицентрдегі дауылдың жылдамдығы сағатына 201 шақырым.
Метеоқызметтің мәліметінше, бір тәулік ішінде Үлкен аралдың солтүстік-шығысына 50 см жауын-шашын түскен.
«Қазіргі уақытта Гавайиде 300 мыңнан астам турист бар», - деді сенатор Мази Хироно бейсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында.
Гонолулу мэрі Кирк Колдвеллдің айтуынша, Оаху аралында кеш батқанға дейін бас сауғалайтын жер іздейтіндер үшін сағат 16:00-де дабыл жүйесі іске қосылады. Қазіргі таңда адамдарды еріксіз эвакуациялау шаралары жүргізіліп жатқан жоқ.
«26 жылда елге алғаш рет қатер төндіріп тұрған және алапат дауыл жұма күні үлкен аралдарға жақындай түсуі мүмкін», - делінген Тынық мұхитының орталық аумақтарындағы дауылдар жөніндегі орталықтың хабарламасында.