Оны тапқан геологтар минералдың бұл түрін басқа жерлерде де молайтып, келешекте бұл минерал арқылы геологиялық дәуірді анықтауға болады дейді.
Жаңалықтың авторлары аталған минералды пластиглемерат деп атады. Ол қалай пайда болады? Туристер өздерінен қалған немесе желмен ұшып, толқынмен ағып келген пластикалық қоқыстарды жағады. Ал балқытылған пластик құм, жанартау жыныстары, маржан сынықтары сынды материалдарды қатырып тастайды. Одан көлемі 2-ден 20 сантиметрге дейін тас пайда болады. Зерттеу жұмыстарының жетекші авторы Патриция Коркоранның айтуынша, пластигломерат жылы жақта, пластиктің қоры көп кез келген жерде пайда болады.