Гавайидегі су тасқыны ел экономикасына 1 миллиард доллар шығын әкелді

Фото: AP/Stephen Lam

АСТАНА. KAZINFORM - Гавайиде 2000-нан астам адам соңғы 20 жылдан астам уақыт ішіндегі ең қатты су тасқынынан кейін электр қуатынсыз қалды. Бұл су тасқыны аралдардағы нөсер жаңбыр салдарынан болған, деп хабарлайды Associated Press.

Гавайиде бір апта бұрын нөсер жаңбыр жауды. Нөсерден кейінгі залал 1 миллиард долларға бағаланды, ал билік өкілдері дауыл жүздеген үй мен көліктерге зиян келтіргенін айтады. Су басқан жерлерден 200-ден астам адам құтқарылды. Әзірге қаза тапқандар туралы хабарлама жоқ.

Арал халқының шамамен 95%-ын электр қуатымен қамтамасыз ететін Hawaiian Electric компаниясының бригадасы шұғыл жұмыс жүргізіп жатыр. 1200 тұрғынға электр қуаты қалпына келтірілді.

Губернатор Джош Грин дауыл Мауи аралындағы әуежайға, мектептерге, жолдарға, үйлерге және ауруханаларға зиян келтіргенін хабарлады. Шенеуніктер 120 жылдық Вахиава бөгетінің істен шығуынан қауіптенеді, бірақ су деңгейі қазір төмендеді.

Метеоролог Мэттью Фостер ең қатты дауыл артта қалды деп санайды. Сарапшылардың айтуынша, жаһандық жылыну салдарынан Гавайидегі қатты жауын-шашынның қарқындылығы мен жиілігі артты.

Гавайи штатында су тасқынына байланысты 5,5 мың адамды эвакуациялау жарияланғаны хабарланды.