Гавайяда әлемдегі ең үлкен телескоп орнатылады

АСТАНА. Шілденің 22-сі. ҚазАқпарат - Гавай аралдарында әлемдегі ең үлкен телескоп орнатылады. Калифорниялық және канадалық жетекші университеттердің консорциумы телескоп құрылысы үшін сөнген Мауне-Кеа жанартауының төбесін таңдап отыр,

деп  хабарлайды  ҚазАқпарат  «Азаттық» радиосына  сілтеме  жасап.

Айнасының диаметрі 30 метрді құрайтын  телескоп    атрономдарға     Жерден  13 миллиард  жарық/жыл қашықтықта орналасқан   нысандарды, оның   ішінде    бастапқы   галактикалар  мен   жұздыздардың  қалыптасуын  бақылауға мүмкіндік береді.  Телескоп құрылысының  құны  1 миллиард   200 миллион долларды құрайды.