Гайана жағалауынан суға батып кеткен алтын мен алмас тиелген кеме табылды

None
ДЖОРДЖТАУН. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат – Оңтүстік Америкада Гайана жағалауында суға батып кеткен алтын мен алмас тиелген кеме табылды.
Табылған олжа 2,5 миллиардтан астам фунт стерлингке бағаланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. Британ кемесін 1942 жылы немістің сүңгуір қайығы суға батырған екен. Кемедегі байлықты АҚШ қазынасына салу үшін Нью-Йоркке апара жатқан. Кеменің нақты қай жерден табылғаны жария етілмей отыр. Кемедегі бағалы жүкке бірнеше елдің таласы бар көрінеді. Көлік 250 метрдей тереңдікте жатыр.