ОРАЛ. ҚазАқпарат - Зеленов аудандық №2 соты жол-көлік оқиғасын жасап, сол жерден бой тасалаған тұрғынға қатысты әкімшілік іске нүкте қойды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сот талқысына белгілі болғанындай, аталған жүргізуші көлігімен газ бағанына соғылған. Содан кейін жол ережесін бұзғаны жөнінде ішкі істер органына хабарлап, қызметкерді күтуі керек еді. Оның орнына оқиға орнынан бой тасалаған.
Сот отырысында құқық бұзушы «қорыққандықтан», қашып кеткендігін алға тартып, кінәсін мойындады.
Сот жүргізушіні ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 611-бабы 3-бөлігіне сәйкес айыпты деп тауып, 30 тәулік қамауға алу жөнінде қаулы шығарды.
Қаулы заңды күшіне енді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).