Дәрігердің айтуынша, зардап шегуші жанармай құю стансасында газ баллонының жарылуы салдарынан күйіп қалған.
«Ер адам ІІ дәрежелі термикалық күйік алған. Науқастың айтуынша, ол жарылыс кезінде лаулаған өрттің ортасында қалған. Оқиға 29 шілдеде сағат 19.00-де болды. Ақшымырау ауылдық дәрігерлік амбулатория фельдшері 28 жастағы ер адамды шұғыл түрде аудандық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізген. Шақырту бойынша қажетті мамандармен бригада оқиға орнына шықты. 03.00-де оны ауыр жағдайда ауруханаға жеткізді», - деді санитарлық авиация фельдшер-диспетчері Айнұр Батырбаева.
21:24, 30 Маусым 2017
Газ баллонының жарылуы салдарынан Маңғыстау тұрғынының денесін 100% күйік шалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облыстық ауруханасына ІІ дәрежелі күйікпен зардап шеккен адам жатқызылды. Ол жансақтау бөлімінде жатыр, ағдай өте ауыр, деп хабарлады лада кз.