Форум 2001 жылы құрылды, ал 2008 жылдан бастап толыққанды халықаралық ұйым мәртебесіне ие болды. Мүше-елдер арасында 15 газ жеткізуші мемлекет бар (Ресей, Алжир, Боливия, Венесуэла, Египет, Иран, Катар, Ливия, Нигерия, БАӘ, Тринидад және Тобаго, Экваториялық Гвинея) және алты байқаушы ел (Оман, Нидерланды, Перу, Норвегия, Қазақстан және Ирак) бар. Ұйым кеңсесі Дохада орналасқан.