Газ толтыру бекетіне шабуыл жасап, 400 мың теңгені қолды қылғандар ұсталды

АСТАНА. 27 шілде. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Газ толтыру бекетіне шабуыл жасап, 400 мың теңгені қолды қылғандар ұсталды. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Оның айтуынша, 21 шілде күні түн ортасында СҚО-ның Ғ.Мүсірепов ауданына қарасты Новоишимское ауылындағы газ толтыру бекетіне баса көктеп кірген 3 адам, опеаторды байлап тастап, 400 мың теңге салынған сефті алып кеткен. «Жедел іздестіру шаралары барысында қарақшылық жасаған ауданның үш тұрғыны ұсталды», - деді ол.