Газа секторына бес елден гуманитарлық көмек жеткізілді

Фото: Mahmoud Issa/Anadolu Agency/IMAGO

АСТАНА. KAZINFORM — Израиль Қорғаныс армиясының мәліметінше, азық-түлік тиелген 90 гуманитарлық пакет анклавқа әуе арқылы жеткізілген, деп хабарлайды ТАСС.

Израиль әскері сенбі күні Газа секторына гуманитарлық көмекті жеткізу жұмыстарын жалғастырғанын армияның баспасөз қызметі хабарлады.

— Саяси басшылықтың нұсқауларына сәйкес және Израиль, Біріккен Араб Әмірліктері, Иордания, Мысыр, Франция және Германия арасындағы ынтымақтастық аясында Израиль Қорғаныс армиясы Газа секторына гуманитарлық көмекті арттыруға бағытталған бірқатар шараны жүзеге асырып жатыр. Соңғы бірнеше сағат ішінде бес ел Газа секторының оңтүстігі мен солтүстігіндегі тұрғындарға әуе арқылы 90 гуманитарлық пакет жеткізді, — делінген ресми мәлімдемеде.

Сондай-ақ, Израиль Қорғаныс армиясы «Газа секторында гуманитарлық көмектің көрсетілу жағдайын жақсарту мақсатында халықаралық қауымдастықпен ынтымақтастықты жалғастыратынын» және «Газада әдейі аштық туындатылып жатыр» деген жалған айыптауларды жоққа шығаратынын мәлімдеді.

Айта кетелік Германия Газа секторына әуеден гуманитарлық көмек тастай бастағаны туралы жазған едік.