Бұл туралы Синьхуа агенттігі жазды.
Ведомствоның мәлімдемесіне сәйкес, соңғы тәулікте израильдік әскерилер шабуылынан 62 палестиналық көз жұмған, тағы 91-і жараланған. Осылайша, 2023 жылдың 7 қазанынан бері Израиль мен ХАМАС қозғалысы арасындағы қақтығыстан Газа секторында қаза тапқандардың жалпы саны 33 037 адамға, жараланғандар саны 75 668-ге жетті.
Бұл арада Палестинаның әлеуметтік даму министрі Самах Абу Аун Израильдің анклавты үздіксіз атқылауынан 14 861-ден астам баланың қаза тапқанын және Газада 17 000-ға жуық баланың жетім қалғанын айтты.
«Газаның солтүстігінде аштықтан қаза тапқандар саны кем дегенде 30 адамға жетті», - деді министр.