Газа секторында қаза тапқан палестиналықтардың саны 56 531-ге жетті

АСТАНА. KAZINFORM — 2023 жылдың 7 қазанынан бері Израильдің Газа секторына жасаған соққыларында қаза тапқан палестиналықтардың саны 56 531-ге жетті, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Фото: Анадолы

Бұл туралы Газадағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі соңғы мәлімдемесінде хабарлады. Тек соңғы 24 сағатта Израильдің соққылары салдарынан 28 адамның қаза тауып, 223 бейбіт тұрғынның жараланғаны атап өтілді.

— Қаза болған 28 бейбіт тұрғынның мәйіті және жараланған 223 азама ауруханаларға жеткізілді, - делінген ресми мәлімдемеде.

Шабуылдан зардап шеккендер арасында әйелдер мен балалар санының да айтарлықтай көп екені атап өтілді.

Еске сала кетейік, Израиль Газаның солтүстігіне шабуыл жасауға дайындалып жатқаны жайлы жазған едік.