Газа секторында қаза тапқандардың саны 72 553 адамға жетті

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылғы 10 қазанда атысты тоқтату режимі күшіне енгеннен бері израильдік соққылар нәтижесінде 777 адам қаза тапқан. Бұл туралы Анадолы агенттігі жазды.

Фото: Анадолы

Израиль армиясының 2023 жылғы қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылдары салдарынан қаза тапқандар саны 72 553 адамға жетті.

Атысты тоқтату режимі жарияланғанына қарамастан, Израиль армиясы Газа секторына әлі де соққы жасап келеді.

Газа денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде 2023 жылғы қазаннан бері жалғасып жатқан шабуылдардағы соңғы шығындар туралы мәлімет берілді.

Соңғы 24 сағат ішінде Газа секторындағы ауруханаларға 2 қаза тапқан адамның денесі және 22 жараланған адам жеткізілген.

2025 жылғы 10 қазанда атысты тоқтату күшіне енгеннен бері Израиль шабуылдары нәтижесінде 777 адам қаза тауып, 2 193 адам жараланған. Сонымен қатар, үйінділер астынан 761 адамның денесі шығарылған.

Жалпы 2023 жылғы қазаннан бері Израиль шабуылдары салдарынан қаза тапқандар саны 72 553 адамға, жараланғандар саны 172 296 адамға жетті.

Газа секторында әлі де үйінділер астында мыңдаған адамның денесі қалуы мүмкін екені хабарланды.

Бұған дейін Газада бітім жасалғалы алты ай өтсе де, қаза тапқандарды жерлеу мүмкін болмай отырғанын жазған едік.