«Жақында әлеуметтік желіде Газа секторындағы қарулы қақтығыс кезінде Қазақстанның бір азаматы зардап шекті деген ақпарат тараған еді. Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. Осы орайда Израиль жағы қате ақпарат тарап кетуіне байланысты кешірім сұрады», - деді А. Смадияр ведомствода өткен апталық баспасөз мәслихатында.
Аталған қатығыс аймағында Қазақстан Республикасы азаматтары арасында қаза тапқандар мен жараланғандар туралы мәліметтер тіркелмеді.
Айта кетейік, Израильдегі Қазақстанның елшілігіне 100-ден астам еліміздің азаматы жәрдем көрсету туралы өтініш жасады. Сонымен қатар, Газа секторынан тағы 100-ден астам адамды Қазақстанға жеткізу мәселесі пысықталып жатыр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Палестинаның медициналық қызметтері Израильдің Газа секторына жасаған соққысы салдарынан қаза тапқандар саны айтарлықтай артқанын хабарлады.
Қазақстанның Израильдегі елшілігіне 100-ден астам еліміздің азаматы жәрдем көрсету туралы өтініш жасады.