Синьхуа агенттігінің мәліметіне сүйенсек, қаза тапқандардың ішінде үш бала суықтан қайтыс болған. Басқа құрбандар қатты жаңбыр мен желдің әсерінен, әсіресе Газа қаласы мен анклавтың солтүстік аймақтарында, опырылған үйлердің астынан табылды.
Құтқарушылар 13 үйдің толық немесе жартылай опырылуы туралы хабарламаларға дереу әрекет жасап, 52 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Құтқару-қайта қалпына келтіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр, өйткені анклавтың түкпір-түкпірінде 15-тен астам үй зақымданған.
Газа денсаулық сақтау органдары бораннан қаза тапқандар санының әлі де артуы мүмкін екенін ескертті.
Айта кетейік, 2024 жылғы шілдеден 2025 жылғы 28 қарашаға дейін Газа секторында шамамен 1092 науқас медициналық эвакуацияны күте алмай қайтыс болды.