«Тек соңғы тәулікте Израиль армиясының шабуылынан 96 палестиналық көз жұмып, тағы 277 адам жараланды», — деп таратты ИРНА Газа секторының министрлігіне сілтеме жасап.
Еске салсақ, ХАМАС Газа секторы бойынша келісімге келуге дайын екенін хабарлады. Сонымен қатар Мысыр кепілге алынған төрт адамды бірнеше палестиналық тұтқынға айырбастауды ұсынды.