АСТАНА. KAZINFORM - Израильдің 2023 жылғы 7 қарашада жасаған соққысынан бері Газа секторында қаза тапқандардың саны 44 630 адамға жеткен, оның ішінде 16 765 бала бар. Бұл туралы Палестина үкіметі мәлім етті, деп хабарлайды aljazeera.com .
Палестина денсаулық сақтау министрлігінің 17 қарашада берген ақпаратына сәйкес басып алынған Батыс жағалаудағы соңғы мәліметтер келесідей:
- Қаза тапқандар кемінде 784 адам, оның ішінде 167 бала
- Жарақат алған адамдар саны 6 250-ден астам.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасының, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және Палестина үкіметінің 10 қарашадағы соңғы мәліметтеріне сәйкес, Израиль шабуылдарынан зардап шекті:
- коммерциялық нысандардың 80 пайызы
- мектеп ғимараттарының 87 пайызы
- денсаулық сақтау мекемелері - 36 аурухананың 17-сі жартылай жұмыс істейді
- жол желілерінің 68 пайызы
- егіннің 68 пайызы.
2023 жылдың 7 қарашасынан бері Газада әр сағат сайын 15 адам қаза тапты, 35 адам жарақат алды, 42 бомба тасталды, 12 ғимарат қирады.
Дина Ғалымжанқызы
Гүлнұр Ғазизқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.