Мәліметке сәйкес, ең осал топ – балалар, өйткені Израиль қоршауы салдарынан туындаған аштық олардың иммунитетін әлсіреткен.
Ахмед Ферра эксклавқа қажетті дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдарды шұғыл жеткізуді қамтамасыз етуге шақырды.
Сондай-ақ ол балалардың иммунитетін күшейту үшін аймаққа негізгі азық-түлік жеткізудің маңыздылығын атап өтті.
Осыдан бұрын 30 тамызда Газа секторында тағы бір сәби аштықтан көз жұмғаны анықталды.
Сонымен қатар Газа секторында үшінші жыл қатарынан 660 мың бала мектепке бара алмай жүргені белгілі болды.