Газа секторы мұғалімдер үшін тозаққа айналды. 7 қазандағы ХАМАС пен Израиль әскерилері шабуылынан кейін мектептер босқындарға арналған баспанаға айналды. Education International кәсіподақ федерациясының мәліметі бойынша, осы уақыт ішінде кем дегенде 130 мұғалім қайтыс болды.
Умм Усама Табш отбасымен өзі жұмыс істейтін мектепте бір айдан астам уақыт тұрып жатыр.
«Мен қорқынышты түс көріп жатқан сияқтымын. Ал шынында күн сайын келіп, оқушыларымды оқытатын, олармен қызықты уақыт өткізетін жерде тұрып жатырмын», - дейді мұғалім.
Қазір Газа секторында 625 мың оқушы мен студент білім алу мүмкіндігінен айырылған.
«Соғыс басталып, бомба мен зымыран атқылай бастағанда ағам екеуміз мектепке баруға дайындалып жатқанбыз. Біз мектепке оқуға барудың орнына, бүкіл отбасымызбен бас сауғалап осы жерге келдік».
«Мен бұл жерде болғаныма 31 күн болды. Бұл жер қоныс аударғандар үшін баспана болғандықтан ғана емес, көптеген шәкіртімнен айырылғандықтан тұрып жатырмын. Мен оларды оқыттым, ал олар Израиль шабуылынан қаза тапты», - дейді Умм Усаба Табш.
Газа Денсаулық сақтау министрлігі қаза болғандар санын күн сайын жаңартып отырады. Оның мәліметінше, Израиль соққысы басталғаннан бері секторда 4400-ден астам бала қаза тапқан. Израиль жағында да көптеген бала қаза тапты, ал биліктің айтуынша, ХАМАС кепілге алған 240 адамның арасында балалар, тіпті сәбилер де бар.