Бейсенбі күні кешке аумақтың солтүстігіндегі Джабалия босқындар лагерінде үш қабатты үй өртенді. Өртенген ғимараттан адамдар құтқарылды. Қайғылы оқиға орнында өрт сөндірушілерге жергілікті тұрғындар көмектесті.
Өрттің шығу себебі әлі анықталған жоқ. Жергілікті билік тұрғын үйде жанармайдың көп қоры сақталғанын жоққа шығармайды. Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббас оқиғаны ұлттық трагедия деп атап, жұма күнін қаза болғандарды аза тұту күні деп жариялады.
Фото: MAHMUD HAMS/AFP