Газа секторындағы израиль операциясы құрбандарының саны 1,6 мың адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Газа секторындағы израильдік арнайы операция басталғаннан бері мерт болғандардың саны 1,6 мың адамға жетті, деп хабарлады РБК израильдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Түнгі тыныштықтан кейін әуе дабылы Тель-Авивте, Рамат-Ганада, Гиватаимде және бірнеше израиль қалаларында естілді. Бұған жауап ретінде израиль армиясы Газа секторының оң жақ бөлігіне оншақты соққы берді.

Кемінде 35 палестиналық ажал құшты. Палестинаның медициналық қызметі жараланғандар саны көп аурухананы оқ жаууы салдарынан көшірілді.

Кеше, 1 тамызда 107 палестиналық мерт болды. Газа секторында операция басталғалы Израиль тарапынан 50 адам оққа ұшты.