АСТАНА. KAZINFORM – 2023 жылдың 7 қазанынан бері Газа секторында Израильдің жалғасып жатқан шабуылдары нәтижесінде қаза тапқан палестиналықтардың саны 33 482-ге жеткен. Бұл туралы Анадолы агенттігі жазды.
«Кейінгі 24 сағат ішінде 122 палестиналық Израиль шабуылдарының құрбаны болған, тағы 56 адам жарақат алды. Қаза тапқан адамдардың денелері әлі қираған ғимараттардың қирандылары мен жол жиектерінде жатыр. Израиль күштерінің кедергілерінен жедел жәрдем мен азаматтық қорғаныс топтары оларға жете алмайды», - деп хабарлады аталған елдің Денсаулық сақтау министрлігі.
Сондай-ақ министрлік 7 қазаннан бері жалғасып келе жатқан Израиль шабуылдарында қаза тапқандардың жалпы саны 33 482-ге, жараланғандар саны 76 049-ға жеткенін атап өтті.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы