АСТАНА. KAZINFORM — Израильдің Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласына жасаған соққысынан жүкті палестиналық әйел қаза тапты, деп жазады Анадолы.
Кувейт ауруханасы дәрігерлері сәбидің өмірін сақтап қалды. Бұл туралы Anadolu агенттігінің тілшісіне жергілікті денсаулық сақтау органдарындағы ақпарат көздері хабарлады.
Әлеуметтік желілерде дәрігерлердің баланы реанимациялау процедураларын жасап жатқанын көрсететін суреттер пайда болды.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.