АСТАНА. KAZINFORM – Газа секторы қоршауының орталық бөлігіндегі Нусейрат босқындар лагеріндегі әл-Ауда ауруханасының акушерлері Израиль шабуылы салдарынан көз жұмған әйелдің құрсағынан сәбиін аман алып қалды. Бұл туралы Kazinform Anadolu агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Тоғыз айлық жүкті әйелдің денесі түнде аурухананың жедел жәрдем бөліміне жеткізілді, деп хабарлады Палестинаның ресми ақпарат агенттігі WAFA.
Шұғыл кесарь тілігінің арқасында сәби аман қалды. Ол перзентханадағы инкубаторға орналастырылды.
Әл-Ауда ауруханасы – 2023 жылдың 7 қазанында Израильдің жаппай шабуылы басталғаннан бері Газаның орталығында гинекологиялық және акушерлік қызмет көрсететін жалғыз медициналық мекеме.
Эльмира Оралбаева
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 2023 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.