Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен Қорғаныс министрі Израэль Кац шабуыл туралы бірлескен мәлімдеме жасап, әл-Хаддадтың «мыңдаған израильдік бейбіт тұрғын мен ЦАХАЛ сарбаздарының өліміне, ұрлануына және жаралануына кінәлі» екенін мәлімдеді.
Шабуыл туралы не белгілі
Куәгерлердің айтуынша, шабуыл Газа қаласының орталығындағы тұрғын үй кешеніне бағытталып, үлкен өртке себеп болған. Кейінірек аймақтан қашып бара жатқан көлікке екінші шабуыл жасалды. Газадағы дереккөз мәліметінше, шабуылдан тағы үш адам қаза тапқан. Әл-Хаддад көлікте болған болуы мүмкін деген болжам бар.
Израиль билігі операция 7 қазандағы шабуылдың негізгі қатысушыларының біріне бағытталғанын мәлімдеді. ХАМАС бұған дейін Израильді атысты тоқтату туралы келісімді бұзды деп айыптаған болатын.
Айта кетейік, АҚШ-тың арағайындығымен Израиль мен Ливан 16 сәуірден бері күшінде болған атысты тоқтату режимін ұзартуға келісті.