АСТАНА. KAZINFORM – ХАМАС бақылауындағы Денсаулық сақтау министрлігі дүйсенбі күнгі баспасөз мәлімдемесінде Газа секторындағы палестиналықтардың Израильдің жалғасып жатқан шабуылдарынан қаза тапқандар саны 30 534-ке жеткенін хабарлады. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жазды.
Мәлімдемеге қарағанда, соңғы 24 сағатта 124 палестиналық қаза тауып, 210-ы жараланған.
Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыс басталған 2023 жылдың 7 қазанынан бері жалпы қаза тапқандар саны 30 534-ке, жараланғандар саны 71 920-ға жетті.
Ведомствоның атап өтуінше, бомбалаудан кейін кейбір зардап шеккендер үйінді астында қалған.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы