Газа секторында қаза тапқан палестиналықтардың саны 30 мыңнан асты, тағы 70 мыңнан астам адам жарақат алды.
Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус Х әлеуметтік желісінде хабарлады.
АСТАНА. KAZINFORM — Израиль Газа секторының оңтүстігіне кіруді жалғастырып, ХАМАС басшылары гуманитарлық нысандардың астындағы туннельде жасырынып жатқанын мәлімдеді. ДДСҰ мәліметінше, анклавта қайтыс болған палестиналықтардың саны 30 мыңнан асты, деп жазады Euronews.
Газа секторында қаза тапқан палестиналықтардың саны 30 мыңнан асты, тағы 70 мыңнан астам адам жарақат алды.
Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус Х әлеуметтік желісінде хабарлады.
Ақ үй атыс тоқтай салысымен көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Израиль көздегені — ауруханалар мен басқа да гуманитарлық нысандардың астындағы туннельде жасырынған ХАМАС содырлары екенін айтады.
Соңғы мәлімет бойынша, топ жетекшісі кепілге алынғандарды тірі қалқан ретінде пайдаланып, жерасты бункерлерінің бірінде жасырынып жүр.
Атысты тоқтату туралы келісім палестиналық тұтқындардың орнына кепілге алынған адамдарды босатуды көздейді.