АСТАНА. KAZINFORM – Палестинаның Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде Израильдің блокададағы Газа секторына 2023 жылдың 7 қазанынан бері жалғасып келе жатқан шабуылдары нәтижесінде қаза тапқан палестиналықтардың саны 36 мыңнан асты, деп хабарлайды Анадолы.
«Соңғы 24 сағат ішінде Израиль шабуылынан 75 палестиналық қаза тапты. Сонымен қатар тағы 284 адам зардап шекті», - делінген хабарламада.
Осылайша, Израильдің 7 қазаннан бері жалғасқан шабуылдары кезінде қаза тапқандардың жалпы саны 36 171-ге, жараланғандар саны 81 420-ға жетті, деп хабарлады Газа Денсаулық сақтау министрлігі.
«Қаза тапқандардың денесі әлі қираған ғимараттардың қирандылары мен жол жиектерінде жатыр. Жедел жәрдем және азаматтық қорғаныс топтары Израиль күштері тудырған кедергілерге байланысты оларға жете алмайды», - деп қосты министрлік.
Жолдасбек Шөпеғұл
1993 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде тілші болып бастаған. 2020 жылғы ақпаннан бері «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігінде Атырау облысындағы тілшісі болып жұмыс істейді.