Газада қаза тапқан палестиналықтардың саны 38664-ға жетті

АСТАНА. KAZINFORM - Израильдің Газа секторына жасаған соққыларынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 38664-ке дейін өсті. Бұл туралы дүйсенбіде анклавтың медициналық органдары хабарлады,  деп жазады Синхуа.

Фото: Анадолы

Мәлімдемеде айтылғандай, соңғы 24 сағат ішінде Израиль әскерилері 80 адамды өлтіріп, 216 адамды жаралады. Өткен қазанда қақтығыс басталғаннан бері қаза тапқандардың жалпы саны 38 664-ке жетті, 89 097 адам жараланды.

«Әл-Кудс бригадалары» («Исламдық жиһад» қозғалысының қарулы қанаты) мүшелері Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласындағы Ябна босқындар лагерінде израильдік сарбаздар мен әскери көліктерді минометтен атқанын хабарлады.

Израиль қорғаныс армиясы Әл-Кудс бригадаларының шабуылына әлі түсінік берген жоқ. Дүйсенбінің басында әскерилер Газа секторы бойынша операцияларды жалғастырып жатқанын айтты. Соңғы күні Израиль әскери-әуе күштері мен Әскери-теңіз күштері анклавта «Террористік нысандарға» соққы беріп, құрлық әскерлеріне көмектесті.

Израиль 2023 жылдың 7 қазанында елдің оңтүстік аймақтарына жасалған топтың тосын шабуылына жауап ретінде Газа секторында ХАМАС-қа қарсы ауқымды шабуыл жасады. Салдарынан 1200-ге жуық адам қаза тапты, тағы 250-ден астамы кепілге алынды.