Газада көз жұмған палестиналықтар саны 51 мыңға жетті

Фото: Фото: Анадолы

АСТАНА. KAZINFORM — 2023 жылдың 7 қазанынан бері Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдары салдарынан қаза тапқандар саны 51 мың адамға жетті, деп жазады Анадолы.

Бұл туралы Палестинаның Газа секторындағы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Соңғы 24 сағатта эксклавтағы ауруханаларға 69 жаралы және 17 адамның денесі жеткізілді, деп қосты ведомство.

19 қаңтарда күшіне енген атысты тоқтату келісімі аяқталғаннан күн — 18 наурыздан бері Израиль армиясы шабуылдарынан 1630 палестиналық қаза тауып, 4302 адам жараланған.

Соңғы мәліметтер бойынша, 2023 жылдың 7 қазанынан бері қаза тапқан палестиналықтар саны 51 мыңға, жараланғандар саны 116 343-ке жеткен.

Билік Газадағы қираған ғимараттар астында әлі де мыңдаған мүрде болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін Газадағы құрбандар саны 51 мыңға жуықтағанын жаздық.

БҰҰ 2 наурыздан бері Газаға гуманитарлық көмек жетпегенін айтып, дабыл қағып жатыр.

Сондай-ақ, Израиль әскері Газа секторындағы 400-ден астам мектепке соққы жасаған.