АСТАНА. KAZINFORM – Соңғы тәулікте 55 палестиналық Израиль армиясының блокададағы Газа секторындағы шабуылдарының құрбаны болды. Бұл туралы Израильдің эксклавта 370 күн бойы жасаған геноцид туралы ақпарат беретін Газа секторындағы Палестина денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде айтылған, деп жазады Анадолы.
Соңғы 24 сағаттың ішінде Израиль армиясы Газа секторының әртүрлі бөліктерінде «бес қырғын» жасаған, нәтижесінде 55 палестиналықты қаза тапқан. Сонымен қатар, Палестина эксклавының 166 тұрғыны жараланды, делінген хабарламада.
- 2023 жылдың 7 қазанынан бері Израильдің Газа секторында жасаған геноцидінің салдарынан қаза тапқандардың жалпы саны 42 065-ке, жараланғандар саны 97 886-ға жетті, - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Қаза тапқандардың мәйіттері әлі де қираған ғимараттардың астында және жол жиектерінде жатыр. Жедел жәрдем бригадалары мен азаматтық қорғаныс күштерінің өкілдері Израиль әрекетінен тудырған кедергілерге байланысты оларға жете алмай отыр, деп қосты ведомство.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы