Агенттіктің дерегінше, аштық өңірде жылдам таралуда.
— Әйелдер мен қыздар барған сайын қауіпті жолдармен аман қалуға жанталасып жатыр. Олар азық-түлік пен су іздеуге шығып, өміріне үлкен қатер төндіреді, — делінген хабарламада.
Ұйым Израильдің Газаны қоршауын алып шығып, 2 миллионнан астам халқы бар аймаққа гуманитарлық көмекті «қажетті көлемде» жеткізуді талап етті.
Сондай-ақ, мәлімдеме қарсаңында Газа денсаулық сақтау ведомстволары соңғы тәулікте аштық пен қатты әлсіреуден 11 адамның қайтыс болғанын хабарлады. Құрбандар арасында бір бала бар. Жалпы аштықтан көз жұмғандар саны 251-ге жетті, олардың ішінде 108 бала бар.
Бұған дейін 2023 жылғы 7 қазаннан бері Израиль шабуылдары салдарынан Газада 61 897 адамның қаза тапқаны мәлім болған еді.