Газадағы ауруханаларда алты бала аштықтан көз жұмды

АСТАНА. KAZINFORM – Палестина денсаулық сақтау министрлігі қоршауда қалған анклавтағы гуманитарлық жағдайдың нашарлауына байланысты Газа секторының солтүстігіндегі ауруханаларда алты бала сусыз және тамақсыз қалу салдарынан көз жұмғанын мәлімдеді. Бұл туралы Al Jazeera хабарлады.

Фото: Pixabay

Министрлік мәліметінше, сәрсенбі күні Газа қаласындағы Аль-Шифа ауруханасында екі бала қайтыс болды. Бұған дейін Газаның солтүстігіндегі Камал Адван ауруханасында төрт баланың қайтыс болғаны, тағы жетеуі ауыр халде жатқаны хабарланған. Бұл аурухананың генераторлары жанармай тапшылығына байланысты істен шығып қалды. Аурухана директоры Камал Адван Ахмед әл-Кахут осыған байланысты аурухананың жұмыс істемейтінін айтты. 

Сейсенбі күні Джабалиядағы әл-Ауда ауруханасы дәл осындай себеппен жұмысын тоқтатқан.