Газадағы босқындар лагеріне жасалған шабуылдан 17 адам қаза тапты 

АСТАНА. KAZINFORM – Газадағы босқындар паналаған орталық бөлігіндегі лагерге жасалған шабуылдан 17 адам қаза тапты. Бұл туралы  Синьхуа мәлімдеді. 

Фото: агентство БАПОР

Катар телеарнасы «Әл-Жазираның» мәліметінше, Израиль Газа секторының орталық аймағына соққы жасаған. Салдарынан кем дегенде 17 адам ажал құшып, он шақты адам жарақаттанған. Оқиға жексенбі күні түнде болған.