Бұл туралы шейх Мұхаммед бин Абдулрахман бин Джасим әл-Тани Доха 2025 форумында сөйлеген сөзінде айтты.
Қатар премьер-министрі Израиль күштері толығымен шығарылмай, тұрақтылық қалпына келтірілмей және палестиналықтардың еркін жүріп-тұруына кепілдік бермейінше толық атысты тоқтатуға қол жеткізу мүмкін емес екенін мәлімдеді.
Шейх Газадағы бітімгершілік келісімінің келесі кезеңіне шұғыл көшуді талап етті.
NBC арнасының хабарлауынша, Газа секторында кепілге алынған бір израильдіктің мәйіті қалды, бұл президент Трамптың атысты тоқтату жоспарының негізгі нүктесін жүзеге асыруға жақындатады. Дегенмен, бейбітшілік жоспарының екінші кезеңіне өтуге кедергілер әлі де бар.
Бұған дейін Трамп Рождествоға дейін Газадағы бейбітшілік процесінің II кезеңі басталғанын жариялауды жоспарлап отырғанын жазғанбыз.