АСТАНА. KAZINFORM – Израильдің Газа секторында 7 қазаннан бері жалғасып жатқан шабуылы нәтижесінде қаза тапқан палестиналықтардың саны 35 272-ге жетіп, 79 205 адам жараланды.
Бұл туралы Палестина денсаулық сақтау министрлігінің Газа секторындағы мәлімдемесінде айтылған, деп жазады Анадолы.
Ведомствоның мәліметінше, соңғы тәулікте эксклавтың тағы 39 тұрғыны қаза тауып, 64-і жараланған.
Баяндамада әлі де қаза тапқандардың денесі қираған ғимараттардың астында және жол жиектерінде жатқаны атап өтілді. Жедел жәрдем мен азаматтық қорғаныс топтары Израиль күштерінің кедергілерінен оларға жете алмай отыр.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы