Газа секторындағы Палестина денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, эксклавқа жасалған шабуылдар 305 күннен бері тоқтаған жоқ.
Соңғы 24 сағат ішінде Израиль үш жаппай «қырғын» әрекетін жасады, соның салдарынан 30 палестиналық қаза тауып, 66-сы жараланды.
2023 жылдың 7 қазанынан бері Израильдің шабуылдарынан жараланғандар саны 91 535-ке жетті.
"Қаза тапқандардың денелері әлі қираған ғимараттардың астында және жол жиектерінде жатыр. Жедел жәрдем және азаматтық қорғаныс топтары Израиль күштерінің кедергілерінен оларға жете алмайды", - деп мәлімдеді ведомство.
Айта кетейік, Израиль шабуылымен қатар Газада жұқпалы аурулар да асқынып тұр.