Газадағы «Анадолы» агенттігінің кеңсесіне әуеден шабуыл жасалды

ИЕРУСАЛИМ. ҚазАқпарат-Анадолы - Газа секторындағы «Анадолы» агенттігінің кеңсесі орналасқан ғимаратқа Израиль әскери-әуе күштері шабуыл жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік тілшілерінің хабарлауынша, Газада израильдік күштер алдымен ғимаратқа ескерту ретінде оқ атқан. Шамалы уақыттан кейін израильдік әскери ұшақтар ғимаратқа 5 зымыран атқан. Ғимарат шабулдан кейін толығымен қирады.

«Анадолы» агенттігінің қызметкерлері оқиғадан зардап шекпеген. Олардың жағдайы қанағаттарлық.