Газдалған сусындар мен шырындар - адам денсаулығына қауіпті

АСТАНА.  Тамыздың 10-ы.  ҚазАқпарат - Газдалған су мен    тәтті сусындарды  шектен тыс тұтыну   келешекте  бауыр  ауруларына  әкеліп тіреуі  мүмкін.   Ғалымдар    газдалған сусындардан бас тартып,

кәдімгі  қара суға ауысуға кеңес беруде,  деп  хабарлайды ҚазАқпарат  Utro.ru сайтына  сілтеме  жасап.

Израиль медиктері  ата-аналарға   мектепке барарда балаларына  шырынның  орнына    кәдімгі  су   құйылған     шөлмек беруге кеңес беріп  отыр. Доктор  Нимер Ассидің  айтуынша, күніне    1 литрден астам шырын  ішетін  адамдар  бауыр  ауруына  бес есе көбірек  шалдығуы   ықтимал.