ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жер үйде екі бала қаза тапты. Олар табиғи газдан уланған болуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін, 11 қыркүйекте сағат 7.15-те Шиелі ауданының орталығындағы Н. Бекежанов көшесіндегі жер үйде 2017 және 2020 жылдары дүниеге келген балалар қаза болды.
«Алдын ала болжам бойынша олар табиғи газдан уланған. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамынан 1 қызметкер барды. Тұрғындардан газ пештері мен газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауын сұраймыз», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында қауын тиелген жүк көлігі толығымен жанып кетті.
Шиелі ауданынан Ресейге бет алған «Volvo FH» шыққан жүк автокөлігінің тіркемесі толығымен жанды. Өрттің шығу себебі - тіркеменің дөңгелегі жарылып, жел салдарынан ашық жалын пайда болған.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.