«Мемлекет басшысының елді газдандыру жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында министрлік газдың ресурстық базасын толықтыру және газ тасымалдау жүйесін жаңғырту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Бұл тапсырмалар министрліктің тұрақты бақылауында», - деді министр.
Сонымен қатар ол өңірлерді одан әрі газдандыру үшін қабылдануы қажет қосымша іс-шараларды атады.
«Бірінші - «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының 2-ші тізбегін салу. Тиісті техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді бастау ұсынылады. Екінші - тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға газды үнемдеп тұтынуды ынталандыру үшін сараланған баға белгілеуді енгізу. Энергетика министрлігіне Ұлттық экономика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен, жергілікті атқарушы органдармен, Самұрық-Қазынамен, Қазақгазбен бірлесіп осы тетікті әзірлеп, енгізуді тапсыруыңызды сұраймын», - деді Болат Ақшолақов Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтан.
Министр үшіншіден, көгілдір отынға қол жеткізудің ашық тетігін қамтамасыз ету үшін осы жылы Қазақгаздың газға қосылу процестерін цифрландыруды аяқтауы керектігін айтты.
«Төртінші, газбен жабдықтау объектілерін жергілікті атқарушы органдардан Қазақгазға беру жөніндегі жұмысты жеделдету ұсынылады», - деді ол.
Фото: amp.politeka.net