АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Омбы облысындағы тұрғын үйде тұрмыстық газдың жарылуынан үш адам ажал құшты, деп хабарлады өңірлік ТЖМ басқармасы
Бұл оқиға Марьянов ауданының Конезавод елді мекенінде орын алды. Жарылыс салдарынан 16 пәтер орналасқан үйдің ортаңғы бөлігі опырылып түсті.
Соңғы мәліметтер бойынша ауруханаға тоғыз адам жеткізілген, оның екеуі балалар.
Абайсыздықта адам өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.