«Газпром» Петербордағы ең биік ғимаратты тұрғызатын болды

САНКТ-ПЕТЕРБОР.   Қыркүйектің  18-і. ҚазАқпарат /Елена  Мягкова/ -   Санкт-Петерборда «Газпромның»  еңселі  ғимараты -  «Охта-центр»      нысаны     бой  көтермек.

Ол Нева  жағалауындағы  төбесі көк тіреген, биіктігі 403 метрге жететін үй болады.

 Санкт-Петербордың жерді  пайдалану және   құрылыс  жөніндегі комиссиясы осынау биік  ғимараттың  құрылысына  рұқсат беру  туралы шешімді  кеше қабылдады.    Комиссияның  шешімі  енді Санкт-Петербор губернаторы  Валентина Матвиенкоға    жолданады.

Қала вице-губернаторы   Роман  Филимоновтың пікірінше,     жаңа  ғимарат    қаланың көрінісін құртпайды. Ал  жобаға  наразылардың пікірінше,  мұндай биік ғимараттң  құрылысы    қаланың  тарихи  келбетіне   нұқсан келтіреді.

 Естеріңізге сала  кетейік,     осы үй салынған  жағдайда, ЮНЕСКО  Санкт-Петербор қаласын     әлемдік мұралардың   тізімінен    қатер төнген  нысандардың тізіміне ауыстырмақ.