"Газпром" және "Нафтогаз" біріккен кәсіпорын құруды бастады

АСТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат - Ресейлік "Газпром" мен украиналық "Нафтогаз" біріккен кәсіпорын құруды бастады. Бұл жөнінде "Корреспондент.net" жазады. Компания өкілдері әріптестік шартын жария етпейді, деп жазады Лента. Ру.

"Газпром " басшысы Алексей Миллердің сөзінше, корпорация "өзара пайдалы шартқа және нақты жобаны жүзеге асыруда ең жоғарғы тиімділікке қол жеткізеді ". Қандай жоба туралы екенін Миллер айтқан жоқ.

Бұрынырақ Астрахан облысындағы Газ кені мен Ямал жарты аралы "Нафтогаз " және "Газпром" бірлескен кәсіпорын құру үшін негіз болатыны айтылып еді.

"Нафтогаз " бен "Газпромды" біріктіру идеясын сәуір айының соңында Ресей премьері Владимир Путин айтқан еді. Алдымен украина делегациясы бұл ұсынысты қалжың ретінде қабылдады, дегенмен ақыр соңында оның әріптесі Николай Азаров Ресей тарапының ұсынысы «назар аударарлық» екенін мәлімдеді.