НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Финляндияның Хельсинки қаласында бокстан өткен «Gee Bee» халықаралық турнирінде қазақстандық боксшылар 6 медаль (1 алтын, 3 күміс, 2 қола) жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін халықаралық турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері толығымен анықталды.
«Алтынды» 91 келі салмақта ел намысын қорғаған Тоғамбай Сағындық жеңіп алды.
Ал күміс медальға 3 боксшымыз қол жеткізді. Олар - Қайрат Ералиев (57 келі), Асланбек Шымбергенов (69 келі), Нұрлан Сапарбай (91 келіден жоғары).
Қола жүлдені Ділмұрат Мижитов (63 келі) пен Бек Нұрмағанбет (81 келі) жеңіп алды.
Айта кетейік, аталған додада Қазақстанмен қатар, Финляндия, Өзбекстан, Швеция, Франция, Ресей, Украина, Армения, Германия, Моңғолия, Ауғанстан, Уэльс, Нидерланды, Сербия, Эстония және Латвия боксшылары қолғап түйістірді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.