АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - «Гелиос» компаниясы 1 наурыздан бастап Астанадағы жанармай бекеттерінің бірінде Еуро-5 экологиялық стандартына жауап беретін «Premium 95» маркалы бензин сата бастамақ,
деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» компаниясының баспасөз қызметінен.
Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Premium 95» маркалы жанармайдың бір литрі 295 теңге тұрады. Оған сатып алу мен тасымалдау, сақтау және жоғары технологиялы қондырғылар мен бензин сапасын бақылау жүйесінің құны енгізілген.
«Premium 95» Беларусьтағы Мозырь мұнай өңдеу зауытында өңделген.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.