Гемофилиемен ауыратын сырқаттарға алғаш рет эндопротездеу тәсілімен күрделі операциялар жасалды

АСТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығында елімізде алғаш рет гемофилиемен ауыратын сырқаттарға тізе және жамбас буындарына эндопротездеу тәсілімен операциялар жасалды.

Бұл оңды оқиға туралы бүгін «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының орынбасары Тамара Ващенкова журналистермен болған брифингте айтты.

Оның сөзіне қарағанда, Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы ұлттық медициналық холдингке кіретін 6 мекеменің бірі. «Ұлттық медициналық холдинг осыдан екі жыл бұрын Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған. Оның алдында бүгінде басты екі мәселе тұр. Біріншіден, холдингке қарасты мекемелерде емделушілер сапалы әрі қауіпсіз медициналық көмек алулары керек. Екіншіден, біздің орталықтар жаңа технологияларды енгізу мен дамыту ісінде алдыңғы қатарды тұрулары тиіс. Үшіншіден, біздің клиникалар экономикалық жағынан тұрақты болулары қажет. Ал бүгін біз жеткізіп отырған қуанышты жаңалықтар холдингтің алдына қойылған міндеттер сәтті жалғасын тауап жатыр дегенді білдірсе керек», - деді төрағаның орынбасары.

Гемофилия өте ауыр дерт. Ал елімізде бұл сырқатқа 700-ден астам адам шалдыққан. Сондай-ақ 140-тан астам жан осы аурудың зардабын тартуда. «Бұл өте күрделі мәселе. Ал буындарды ауыстырумен байланысты қиын операциялардың елімізде жүргізіле бастағандығы үлкен жетістік деп білемін. Нақты мәліметтермен айтатын болсақ, бүгінде біз 15 адамға осындай күрделі операцияны сәтті жасадық. Жалпы гемофилия туралы әңгіме қозғалғанда айталатын бірінші мәселе, оны асқындырып алмау. Сондықтан біз осы уақытта аталмыш дерттің алдын алуға жіті көңіл бөліп отырмыз», деді Т.Ващенкова.