«ЭЫДҰ құрамына ену үшін Қазақстанға гендерлік теңдік мәселесін дамыту керек. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері бұл бағытта айтарлықтай прогрес бар. Депутаттық корпуста айтарлықтай ілгерілеушілік сезіледі. Ондағы депутаттардың 20 пайызы әйелдер. Алайда атқарушы жүйелердегі басқару лауазымдарында әйелдердің үлесі әлі де аз күйде қалып отыр. Саяси лауазымдардағылардың ішінде әйелдердің үлесі бар-жоғы - 10 пайыз. Облыс әкімдерінің бірде-бірінің ішінде әйел әкім жоқ. Аудан әкімдерінің ішінде де әйелдер тым аз. Алайда статистика көрсетіп отырғандай, Қазақстан әйелдері - жоғары білімді әрі білікті мамандар», - дейді ол Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте.
Сарапшының айтуынша, лауазымды қызмет атқаратын әйел министрлер өзінің білікті екенін баяғыда-ақ дәлелдеп қойған.
«Гендерлік теңдік бізге не береді? Бұл бізге ғылым-экономикалық өсімге жол ашады. Әлем елдеріндегі ғылыми зерттеулер мен халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, басқарушы әйелдер отырған жерде ЖІӨ мен экономикалық өсім анық байқалған. Себебі, әйелдерді жұмысқа тұрғызу мүмкіндіктері кеңейіп келеді. Мемлекеттік бағдарламалар мен саясат гендердік призманы есепке ала отырып, қадам жасағанда әлеуметтік қарбаластық азаяды. Ал Қазақстанда халықтың басым көпшілігін әйелдер құрайтынын айта кету керек. Сонымен бірге, ғылыми тұрғыда дәлелденіп отырғандай, әйелдер қауымы жемқорлық жағдайларына сирек ұшырап жатады», - дейді Салтанат Жаненова.