Бұл туралы бүгін Алматыда Қазақстанның әйелдер ұйымдары альянсының өкілдері мәлімдеді.
Олардың пікірінше, бұл заңдарды қабылдау қажеттігі туралы пікірталастар көп жылдар бойы жүргізіліп келеді. «Осы екі заң көп уақыт талқыланды, бірақ та қабылданған жоқ», - деп атап өтті Қазақстан әйелдер ұйымдары альянсының төрайымы Раушан Сәрсенбаева.
«Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету қарсаңында - бұл елде гендерлік теңдікті жүзеге асырудың жақсы мүмкіндігі», - деді ол.
Альянс заңды тұлғалар бірлестігі болып отыр. Оған елдің 18 әйелдер үкіметтік емес ұйымдары еніп отыр.