Бұл туралы ол Астанада «Әйелдердің қоғамдағы саяси мүмкіндіктері - гендерлік демократияның ұстанымдары, проблемалар мен перспектива» атты тақырыпта өткен конференция барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Депутаттың айтуынша, өткен жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде гендерлік теңсіздікке байланысты кешенді әлеуметтік зерттеу жүргізілген. Гендерлік теңсіздіктің саясат пен еңбек саласында көрініс тауып отырғандығын осы зерттеудің нәтижелері көрсеткен. «Алайда, елімізде әйелдердің де, ерлердің де амбицияларының жоғары екендігін атап өткен жөн. Мысалы, ерлердің екіден үші жетекші болғысы, әйелдердің тең жартысы басшылық қызмет атқарғанды қалайды және осы ерлердің де, әйелдердің де көпшілігі лауазымдарын өсіруге күш салып, біліктіліктерін арттырып келеді. Зерттеу жұмыстарына қатысқандардың жартысына жуығы кәсіпкерлікпен айналысқанды жөн санайды. Бұл әрине, қуанарлық жәйт. Өйткені тек амбициясы басым, экономикалық жағынан тәуелсіз әйелдер ғана саясатқа келеді. Ал әлемдік тәжірибе бойынша әйел азаматтар қандай жағдайда болмасын ар-ұждандық саясат жүргізгенді жөн көреді», деді депутат.